Певец: Мухан Абдукасым
Песня: Кимасым (2014)
Сколько длится: 03:32
Текст песни просмотрен: 810
Понравилось?: 0
Все песни певца Мухан Абдукасым
Вот текст песни:
ҚИМАСЫМ
Әні : Мухан Әбдіқасым
Сөзі : Мухан Әбдіқасым
І куплет:
Өзіңдей таба алмаспын асылды,
Жүрегім жылағанын жасырды
Жарасыз ұмытармын қимастан
Өткізіп айлар, жылдар, ғасырды.
Армандар сенде қалған аңсатты,
Ұмытам қалай, айтшы сол сәтті?
Махаббат шыншылдықты қалаушы еді
Көңілің өзге жанды аңсатты!
Қайырмасы:
Үнсіз мені, мені, мені,мені
Мені, мені, мені аңсап жүрсің бе?
Менде сені, сені, сені , сені,
Сені,сені, сені сағынам күнде!
ІІ куплет:
Кінәлі мен болармын білмедім
Жылуды тек өзіңнен іздедім
Алдандым сол бір жылы сәттерге
Алдамшы көктем емес күз ба еді?
Сағындым жаным сені сағындым!
Тағдырдың жазғанына бағындым,
Бағыңды тілеп сенің әрдайым
ТӘҢІРГЕ ЖЫЛАТПА ДЕП ЖАЛЫНДЫМ!!!
© «Мухан Әбдіқасым»