Певец: Gauhar alimbekova
Песня: Zhazygym ne ?
Сколько длится: 04:03
Текст песни просмотрен: 872
Понравилось?: 0
Все песни певца Gauhar alimbekova
Вот текст песни:
ЖАЗЫҒЫМ НЕ?
Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Сабырхан Асанов.
1. Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе?
Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе?
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып, 2 рет
Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе?
Қайырмасы:
Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, 2 рет
өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.
2. Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiн,
Күлгенiн айыра алмай, жылағанын.
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа, 2 рет
Қалжырап кеп қасыңа құлағаным...
3. Күндер өтер жарқырап таң атқанда,
Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да.
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң, 2 рет
Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?
Посетите так же следующие страницы:
Видео:
Гауһар Әлімбекова - Жазығым не?
Посмотрите так же следующие видео материалы:
-
ГАУХАР АЛИМБЕКОВА ОРАЛШЫ МАХАББАТ 2014
0 0 1019 -
Гауһар Әлімбекова - Перзент сыры
0 0 870 -
Гауһар Әлімбекова - Келінге өсиет
0 0 888