Певец: Bagi
Песня: Битпейтин мелодрамма (отправитель Арайлым Тулегенова )
Сколько длится: 03:05
Текст песни просмотрен: 1001
Понравилось?: 0
Вот текст песни:
Айтады “Оның қай жеріне қызықтың?” деп,
Менің өмірім, қайтесің мен үшін терлеп?
Қойдым жерлеп жүрегімді соқпайтын,
Ақыл айтатын көп, мөлшерден тыс оттайтын.
Өзіңді жоқтайтын ынтазар саған көңіл,
Ақша оны сүрлер, менің үстіме төгіл.
Бұның аты “өмір”, киноның аты солай,
Қарасаң шетінен көрермендерге оңай.
Байқасаң, бақытың сенің баянды болғай,
Жар болсын өзіңе Жаратқан жалғыз Құдай.
Тіршілік көзіндей қажет болдың ғой судай,
Төгіліп қолымнан ғайып болдың ғой будай.
Еріксіз қала берді ескірген мендік сезім,
Сабырға шақырады шыдамы біткен төзім.
Жетім болды сөзім, бағытына бармаған,
Қаңғырып қайда кетті өлеңдерім арнаған?
Қайырмасы: (x2)
Біздің махаббатымыз – бітпейтін мелодрамма,
Қоршаған адамдар, қаптаған голограмма.
Олардың сөздері – мағынасыз фонограмма,
Қоштасып барамыз, біздерде амал бар ма.
Қараған көз бұзады, айтылған сөз бұзады,
Не керек, жігітті сезім және қыз бұзады.
Тағдыр түрлі сызады, қосады, айырады,
Бейімделсең ұшуға, қанаттан қайырады.
Бөлмеде жаңғырады қайталанып есімің,
Сенсіз өмір – мәнсіз өмір, осыны түсіндім.
Қайғырып күрсіндім, сөгіліп үзілдім,
Амалы орындалды өмірімді бұзудың.
Сыйладым гүлдерді, олар ұзақ өмір сүрмеді,
Ал менің көңілім бүршік атып, қайта гүлдеді.
Ол оны түсінбеді, жұрттардың айтатын сөзі,
Кім артық саған, мен ба, әлде құрбыларың ба өзі?
Олардың көзі жайнайды мені көрсе,
BaGi тілдесіп бізбен сәл ғана уақыт бөлсе.
Ақымақ соны түсінсе, достыққа сенбес еді,
Құрбыларын емес, мені таңдайтын еді.
Қайырмасы: (x2)
Біздің махаббатымыз – бітпейтін мелодрамма,
Қоршаған адамдар, қаптаған голограмма.
Олардың сөздері – мағынасыз фонограмма,
Қоштасып барамыз, біздерде амал бар ма.